Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футзалдан Қазақстан кубогы: Финалда кездесетін командалар анықталды

inform.kz

Футзалдан Қазақстан кубогы: Финалда кездесетін командалар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан кубогы финалында кездесетін екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Финалға алдымен Алматының «Қайрат» командасы жолдама алды. Ол жартылай финалда «Аяттан» жеңістер сериясында 3-0 есебімен басым түсті. Финалға екінші жолдама «Атырау» командасына бұйырды. Ол ойындар сериясында «Ақтөбені» 3-2 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, финалдағы нәтижеге қарамастан атыраулық клуб 2021/22 жылғы кезеңде UEFA Чемпиондар лигасында еліміздің атынан бақ сынауға мүмкіндік алды. Команда 2020 жылы құрылған. Небәрі бір жыл ішінде осылайша жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024