Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауыр атлет Карина Құзғанбаева Азия чемпионатында «күміс» алды

inform.kz

Ауыр атлет Карина Құзғанбаева Азия чемпионатында «күміс» алды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл күндері Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Құзғанбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 232 (104+128) ұпай еншілеп, күміс жүлдегер атанды. Кореялық Хьенжу Джанг 236 (103+133) ұпайымен Азия чемпионы атанды. Ал 218 (96+122) ұпай жинаған түрікменстандық Айсолтан Тойчиева «қоланы» қанағат тұтты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024