Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды: - 65 инспекциялық тексеріс; - 9 әуе компаниясын сертификаттау; - аэронавигация саласында 17 аудит; - 31 әуе айлақты сертификаттау; - әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс. «Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», - деді министрліктен.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 сәуір 2024
18 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар