Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Египет президенті COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды

nege.kz

Египет президенті COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды

Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырды. Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысы кеңсесінің ресми өкілі хабарлады. Оның айтуынша, саясаткер COVID-19 препаратының алғашқы дозасын халықты вакцинациялаудың ұлттық науқаны аясында алған. Дегенмен оған қандай вакцина салынғаны нақтыланған жоқ. Сәуір айының басында Египетте шамамен 150 мың адамға екпе егілді. Елде AstraZeneca, Sinopharm, CoviShield және «Спутник V» сияқты вакциналар тіркелген. Басқа өндірушілердің препараттары да зерттеліп жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Египетте коронавирустың 221 570 жағдайы расталды, 166 457 науқас жазылып шықса, 12 998 адам вирустан қайтыс болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024