Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде автокөлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті

inform.kz

Ақтөбеде автокөлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылында көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді. Ал 3 жасар бала өртеніп кетті. «Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескерту жасаймыз. Баланы қадағалап отыру керек. Сонымен бірге балаларға қарапайым сақтық ережесін, қауіпсіздік туралы жиі айтыңыз. Жазатайым оқиғалар көбіне қайғылы аяқталып жатады»,- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024