Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын 10 теңгеге сатқан

24.kz

Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын 10 теңгеге сатқан

Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.«Полицейлер облыстық әкімдік және прокуратура қызметкерлерімен бірге жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 40 жастағы медбикені ұстады. Ол еgov.kz ақпараттық жүйесіне «Covid-19» инфекциясына қарсы вакцина алу туралы ақпарат нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан. Күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын мойындады», – деп хабарлады Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазір кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024