Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

QazCovid-in вакцинасы бес дозаға дейін құйылады – Жаңа Қаулы

inform.kz

QazCovid-in вакцинасы бес дозаға дейін құйылады – Жаңа Қаулы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Қаулысын толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа құжатта «QazCovid-in» (қазіргі «QazVac») вакцинасының сипаттамасы жазылған. «ҚР БМСД №28 Қаулысы мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын: «QazCovid-in» вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты мөлдір шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024