Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматылық атқышты ұстаған сәттің видеосы жарияланды

aikyn.kz

Алматылық атқышты ұстаған сәттің видеосы жарияланды

Әлуметтік желіде алматылық атқыштың ұсталған видеосы пайда болды. Қайғылы оқиға бүгін шамамен 17.00-де екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде болған. Сот шешімімен танысқан соң жергілікті тұрғын үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024