Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды

baq.kz

ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке іліккен азаматтың үйінде тінту жүргізген. Нәтижесінде 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жерінен, омартасынан 100-ден аса оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 5,6 миллиметр патронмен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, қолдан жасалған, калибрі 5,6 миллиметр мылтық, тіркелмеген 28 және 12 миллиметрлік екі ТОЗ-34 мылтығы, сондай-ақ қарудың әр түрлі компоненттері тәркіленді. Қамауға алынған адамның айтуынша, қарудың бір бөлігін қолөнер әдісімен үйде жасаған, – делінген хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024