Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада жаңа салынып жатқан үй өртенді

baq.kz

Астанада жаңа салынып жатқан үй өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қыркүйек күні сағат 19:35-те Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөліміне Кенесары көшесі, 3а үйінің түтіндеп жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрт сөндірушілер хабарланған жерге жеті минуттан соң жеткен. Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында шатыр материалы мен жиналған қоқыс өртеніп жатқаны анықталды. Өрт аумағы - 50 шаршы метр. Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:49-да оқшаулап, 19:57-де толық сөндірді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024