Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды

inform.kz

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - 15-23 қыркүйек аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында паратаеквондо бойынша IX Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған әлемнің 12 мемлекетінен 121 спортшы қатысты. Бұл - Париж 2024 паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін алғашқы ірі жарыс болды. Чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада құрама командасы 4 медаль ұтып алды: 1 орын - Мәлік Мұқашев (к41 -80 кг) 1 орын - Кәмиля Досмалова (к44 +75 кг) 3 орын – Нышан Өмірәлі (к44 -80 кг) 3 орын – Нұрлан Домбаев (к44 -80 кг) Оған қоса, жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін үшінші орын алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024