Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шешенстан Президенті Путинге қызықты өтініш жасады

oinet.kz

Шешенстан Президенті Путинге қызықты өтініш жасады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей әскерінің Украинадағы операциясына жоғарғы баға берді. Ол Путинге осы бетінен тайынбауын сұрады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап. Eadaily.com басылымының хабарлауынша, Қадыров Ресей президентіне ұлтшылдардың көзін жойып, Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керектігін айтқан. «Олар Украинаны қорғаймыз дейді. Егер олар Шешенстанды қорғағандай күресеміз десе, барлығы түсінікті. Тек Украинаның тегін нанын жеп, келесі мемлекетке қашып кетеді» дейді Рамзан Қадыров. Ол Украинадағы арнайы әскери операцияны әрі қарай жалғастыру керектігіне сенім білдірді. «Бас қолбасшы Владимир Путиннен арнайы операцияны тоқтатпауын сұраймын. Біз Украинаны тазартып, босатып жатырмыз. Ұлтшылдарды жою мақсаты іске асуда. Мен Ресей әскерилері де осындай ойда деп ойлаймын. Әскерилер менен операцияны тоқтатпауды сұрауда» деді Қадыров. Оның айтуынша, соңғы келіссөз нәтижесі Ресейге еш пайда әкелмейді. «Қанға белшесінен батқан Украина билігі біздің әділ талаптармен келіспейді» деді Шешенстан басшысы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар