Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҰҰ комиссиясы Украинадағы әскери қылмысты тексереді

azattyq.org

БҰҰ комиссиясы Украинадағы әскери қылмысты тексереді

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Ресей күштерінің Украинадағы "әскери қылмысын" тексеретін халықаралық комиссия құрады. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.Ресей әрекетін айыптайтын және комиссия құруды көздейтін резолюцияны кеңеске мүше елдердің басым бөлігі қолдады. Ресей мен Эритрея ғана қарсы болды.Ресей делегаты резолюция жақтастары "Украинада болып жатқан жағдайға Ресейді айыптау үшін барлық амалды пайдаланып отыр" деп мәлімдеді.Украина президенті Владимир Зеленский шешімді жылы қабылдады.Комиссияның қалай құрылатыны әзірге белгісіз.Осыған дейін Гаага соты Украинада қақтығыс тараптары жасауы мүмкін әскери қылмыстарға байланысты істі қарай бастаған.Ресей билігі әскерилер азаматтық нысандарды атқылаған жоқ және бейбіт тұрғындар өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр деумен келеді. Сегіз күн ішінде азаматтық нысандар оның ішінде тұрғын үйлер мен мектептердің қирағаны жөнінде көптеген айғақ жарияланды. БҰҰ есебінше бейбіт тұрғындар арасында опат болғандар жүзден асады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар