Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рамзан Қадыров Путин баспасөз хатшысының "патриоттар" туралы түсінігін сынап тастады

azattyq.org

Рамзан Қадыров Путин баспасөз хатшысының патриоттар туралы түсінігін сынап тастады

Шешенстан басшысы Украинада "жүріп", генерал-лейтенант шенін алған Рамзан Қадыровты құттықтамай, Украинада әскери қимыл басталғанда Ресейден кетіп қалған тележүргізуші Иван Ургантты "патриот" дегені үшін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковты сынады."Патриот болу үшін Ресейді сынап, шетелге кетіп қалу керек екенін, онда да шу-шұрқанмен кету қажеттігін, саяси градус төмендегенде түк болмағандай қайта орала салуға болатынын білмеппін", - деген Қадыров "Песковтың шикі түсінігіне бірдеңе істеу керек" деп тоқтаған.Бұған дейін журналистер сұрағына жауап берген Дмитрий Песков "Ресей әскерінің Украинадағы "әскери операциясын" қолдамайтындар мен Ресейден кетіп қалғандардың бәрін бірдей "сатқын", "бесінші колонна" деуге болмайды" деген еді."Тележүргізуші Иван Ургантты жақсы білемін, өзінің көзқарасы бар шығар, бірақ ол үлкен патриот", – деді Путиннің баспасөз хатшысы.Песковтың ойынша, соғысқа қарсы шыққандар арасында "мемлекет жаулары" да бар: "түсінбегені, қорыққаны былай тұрсын, билікті жамандап, әскердегі батырларымызға тіл тигізіп жатқандар жеткілікті, міне мемлекеттің осындай жауларымен күресу керек " деді ол.Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастаған күні Иван Ургант отбасымен бұл елден Израильге кетіп қалған. Кетер алдында инстаграм парақшасына "Үрей мен күйзеліс. Соғысқа жол жоқ" деп жазған. Ол жүргізетін "Вечерний Ургант" бағдарламасы Бірінші арнадан шықпай қалған, бірақ телеарнаның баспасөз қызметі шоудың жабылғаны туралы ақпаратты растаған жоқ. Кейінірек Ургант демалысқа кеткенін, Ресейге қайта оралатынын хабарлады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар