Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: Демократиялық қоғам құрамыз десек, баршамыз бір кісідей атсалысқанымыз абзал

almaty-akshamy.kz

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: Демократиялық қоғам құрамыз десек, баршамыз бір кісідей атсалысқанымыз абзал

Қазақстанның белгілі саясаттанушысы әрі қоғам қайраткері Расул Жұмалы алда өтетін референдумге қазақстандықтар белсенді түрде атсалысуы керек дегенді айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Жаһандағы саяси ахуал құбылып тұр. Соңғы 3 жылдағы пандемия, мемлекеттер арасындағы теке тірестер бізге де өз әсерін тигізді. Өйткені, әлемнен тысқары қала алмаймыз. Қаңтар оқиғасының жайын жақсы білесіз. Жастар саясаты да күрделі дүние. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осындай қиын сәттерді сезініп отыр. Бұл жағынан келгенде Президентініміздің мықты саясаткерлігі байқалады. Енді жалпы халықтық референдум өтетін болады. Осыған көше демократиясымен емес, өркениетті түрде жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар осы тұрғыдан алғанда ғылыми-саяси институттардың маңызы зор. Қазақ қоғамы жаңару үшін барлығын заң жүзінде іске асырған абзал. Білеміз, референдум өткізуді қолдаушыларда аз емес, сынаушылар да бар. Дегенмен, халыққа түсіндіріп, еліміздің өркендеуін ойлауымыз керек. Осындай игі істерді ешқандай айқай-шусыз іске асыруға болады. Бастысы бұрын жіберген олқылықтарды, қайталамауымыз қажет. Сондықтан демократиялық қоғам құрамыз десек, баршамыз бір кісідей атсалысқанымыз абзал», - деді саясаттанушы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024