Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Боранбаев Ресейдегі McDonald’s желісін сатып ала алмады

kz.kursiv.media

Қайрат Боранбаев Ресейдегі McDonald’s желісін сатып ала алмады

Қомақты қаражат жымқырды деген күдікке ілініп, ісі тергеліп жатқан Қайрат Боранбаев Ресейдегі McDonald ‘s-ты сатып ала алмады. Бұған дейін The Bell басылымы Боранбаев көрші елдегі фаст-фуд желісін сатып алуы мүмкін деп жазған еді. 19 мамырда компания ресейлік активтерін франчайзи-серіктесі Александр Говорға сататыны белгілі болды. Мәміле шарттары бойынша, серіктес фаст-фуд желісінің бүкіл мейрамхана портфолиосын сатып алып, болашақта оны жаңа брендпен дамытпақ. Говор McDonald’ s-пен 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол франшиза бойынша Сібірде 25 мейрамхана ашқан. . «Келісім реттеуші органдардың мақұлдауын қоса алғанда, белгілі бір шарттарды келісуді талап етеді. Келісімге алдағы аптада толық қол қойылады деп күтіліп отыр» – делінген хабарламада. Сондай-ақ, McDonald’s-ты сатып алу-сату шартында бүкіл қызметкерлерінің кемінде екі жыл жұмыс орындары сақталатыны жазылады. Сатып алушы мәміле жабылғанға дейін 45 аймақта жұмыс істейтін корпоративті қызметкерлердің жалақысын қаржыландыруға келісті. McDonald’s 9 наурызда Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты, осы елдегі 850 мейрамхананың жұмысы уақытша тоқтатынын хабарлады. Компания есебі бойынша, РФ мен Украинадағы тамақтану орындары McDonald’ s жылдық табысының 9%-ын құрайды, бұл шамамен $2 млрд құрайды. 16 мамырда McDonald’s Ресей нарығынан кететінін жариялап, өзінің ресейлік бизнесін сату процесін бастағанын хабарлады. McDonald’s – қоғамдық тамақтану индустриясындағы әлемдік көшбасшы, 100-ден астам елде 39 мыңнан астам бөлімшесі бар. McDonald ‘ s кәсіпорындарының шамамен 95%-на тәуелсіз жергілікті бизнес иелері иелік етіп, басқарады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024