Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қызғануды шығарды": Лифтіде соққыға жығылған әйел сұхбат берді

paryz.kz

Қызғануды шығарды: Лифтіде соққыға жығылған әйел сұхбат берді

«Қазір жағдайым бірқалыпты. Шымкентте ата-анамның үйінде тұрып жатырмын. Елнұр Байметовпен 2018 жылы отау құрдық, алғашында бәрі жақсы болған. Кейін күйеуім ішіп алып ұратынды шығарды. Наурыз айынан бері сот менің арызымды дұрыс қабылдамады. Сондықтан белгілі адвокаттан көмек сұрауыма тура келді», – дейді Аружан Байметова. «Көп жағдайға жанжалға шектен тыс қызғаныш себеп болады екен. Тіпті, соңғы кезде өз туысқандарынан да қызғануды шығарды», – дейді Аружан. Желіде тараған видеоға да сондай жағдай себеп болыпты. Лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107, яғни, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жігіттің өзі бостандықта екен. Оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберген. «Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді» деген тәртіп сақшылары сөзін қысқа қайырды. Ал жолдасынан зәбір көрген Аружан Байметова жақын күндері заңды түрде ажыраспақшы. «Күйеуім бір үйдің еркесі. Өзінен кейін жалғыз қарындасы бар. Кішкентайынан бетінен қақпай өсірген болуы керек, ата-анасы да оған қарсы сөз айта алмайды. Оның әке-шешесі беделді қызметте істейді. Менің туыстарыма жәбір көрсетеді ме деп қорқамын. Мен әлі күйеуімнің тегіндемін. Менің негізі фамилиям – Жолдиярова. Ажырасқаннан кейін, өз тегімді қайтармақпын. Сүйіп қосылғаннан кейін күйеуімнің тегін қабылдаған болатынмын», – дейді жәбірленуші Аружан Байметова. Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі әйелін лифтте ұрған сәті бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Тағы оқыңыздар: "Есінен танып қалған": Ер адам әйелін лифттің ішінде аяусыз ұрған
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024