Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Түркия метрология бойынша келісімге қол қойды

almaty-akshamy.kz

Қазақстан мен Түркия метрология бойынша келісімге қол қойды

Ислам елдерінің стандарттар және метрология институттарының (SMIIC) 10-отырысы шеңберінде ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт басшылығы «TUBITAK UME» Түрік метрология институтымен келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Біріншіден, екі елдің кәсіпкерлері арасында өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану бөлігінде мәселелер шешілетін болады. Екіншіден, жаңа буынның кванттық эталондарын бірлесіп жобалау және өндіру. Үшіншіден, ислам елдеріне экспортталатын өнімді сынау үшін өңірлік референттік орталық құрылатын болады. Төртіншіден, метрология саласында өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылатын болады. Бесіншіден, оқыту мен практикалық тағылымдамалардан өту бөлігінде өзара іс-қимылды күшейту.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 сәуір 2024