Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан балына сұраныс бар: 200 тоннасы шетелге экспортталады

almaty-akshamy.kz

Қазақстан балына сұраныс бар: 200 тоннасы шетелге экспортталады

Қазір көш басында Қытай тұр. Тиісті қолдау болса, омарташылар өндірісті арттырмақ ниетте. Бірақ ол үшін мамандарды көбейту қажет. Былтыр осынау межеге жетуге өңірлердегі қуаңшылық кедергі болса, коронавирус пандемиясы да кесірін тигізді. Енді жағдай оңалғандай болды. Қазір елде 12 мың омарташы бар.деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Омарташылар одағы президентінің – орынбасары Ғабит Нұрәділдің айтуынша, кәсіпкерлер санын 100 мыңға жеткізуге болады. "Омарташылық – өте берекелі кәсіп. Өкінішке қарай, қадірін түсініп жатқандар аз. Біз омарташыларымыздың саны 100 мыңнан асқанын қалаймыз. Барлығын үйретіп, саланың қыр-сырына қанықтыруға дайынбыз. Бұған «Агробілім» бағдарламасының да көмегі тиер еді. Бір маусымда әр омарташы 100 келі бал өндірсе, 1 млн-ға қиналмай жетер ек. Осылайша, өндіріс көлемі жағынан Қытайдан кейін екінші орынға шыға аламыз", - дейді ҚР Омарташылар одағының вице-президенті Ғабит Нұрәділов. Қазір отандық балды қазақстандықтардан гөрі, Сауд Аравиясы, БАӘ, Өзбекстан және Қытай халқы көп тұтынады. 200 тоннасын экспорттаймыз. Тәтті өнімнің келісі 1500-2000 тг айналасында. Елде пайдасы орасан бола тұра, бағасы тұрақты жалғыз өнім осы. Алайда, тұтыну мөлшері тым аз. Әр тұрғын жылына 5 грамм ғана бал жейді екен. Оның өзі Ресей, Қырғызстан, Қытайдан келген өнімдер. Себебі бағасы арзанырақ, бірақ сапасы төмен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024