Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

МҰНАЙ ҚОЙМАЛАРЫ ӨРТЕНЕ ЖАЗДАДЫ

petropavltv.kz

МҰНАЙ ҚОЙМАЛАРЫ ӨРТЕНЕ ЖАЗДАДЫ

Петропавлдағы Береке ықшам ауданында қамыс өртенді. Өнеркәсіптік аймақта шыққан өртті сөндіруге Петропавлдың өрт сөндіру бөлімшелері және кәсіпорындардың өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды. Қала шетіндегі Береке ықшам ауданындағы 10 гектар аумақта қамыс жанып, өндірістік нысандарға қауіп төнді. Әсіресе, мұнай қоймалары отқа орана жаздады. Мамандардың қауіпіздігі үшін уақытша электр қуатын сөндіруге тура келген. Тілсіз жаумен күреске 21 арнайы техника мен 73 қөрт сөндіруші жұмылдырылды. Оңтүстік Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінің әскерилендірілген өрт сөндіру командасы, Қызылжар су және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандары да жалынмен күресті. Нәтижесінде таңғы 9-дан кете басталған өрт екі сағаттан кейін толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. МАРАТ СЫЗДЫҚОВ, ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: - Мұнай өнімдері сақталған қоймаларға 300 метрдей қалды. Қазір қауіптің беті қайтты. Өртті сөндіруге қатты жел мен жердің батпақтығы кедергі келтірді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024