Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ

petropavltv.kz

АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ

Ақжар ауданының әкімі Қанат Қалиев өзі басқарып отырған ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қорытындылап, биылғы басты жоспарларымен бөлісті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 49 млрд 683,5 млн теңгені құраған. Ал тартылған инвестициялар көлемі 8 млрд теңгеге жуық. Ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Ақжар ауданында бұл салада даму қарқыны байқалады. Мәселен былтыр ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 49 млрд 683 млн теңгені құрады. Өткен орақ науқанында ауа райының қолайсыздығына қарамастан әр гектардан 11,3 ц өнім алынды. ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: - «Өнімнің жақсы шығуы минералды тыңайтқыштарға байланысты. 2021 жылы 8995 минералды тыңайтқыштар алынатын болса Биыл 9210 тонна тыңайтқыштар алынды. Және де ол тұқымдарға да байланысты жаңа элиталық тұқымдарды алуға 2021 жылы 1899 тонна алынтаны болса, биыл 1313 тонна алынды. Және де бұл тұқымдарды біз жыл сайын жаңартып отырымыз.» Ауданда мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Бүгінде бұл салада маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы ауданға Батыс Еуропа елдерінен 1202 асыл тұқымды ірі қара сатылып алынған. Былтыр ауданда жолдарды жөндеу жұмыстарына 1 млрд 3 млн бөлінді. Сонымен қатар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 64 млн.теңгеге 8 үйдің құрылысы жүргізілген. 1327 адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылы 1051 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтыр Ақжар ауданында «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша Талшық, Ленинград және Май мектептерін жөндеуге 342 168 000 теңге бөлінді. Аудан әкімінің айтуынша білім беру мекемелерінде әлі де шешімін таппаған мәселе жеткілікті. Мектептердің жылу жүйесін, шатырларын жаңарту керек.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024