Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"От өлең": Желіде Қайрат Нұртастың анасына арнаған әнін талқылауда

paryz.kz

От өлең: Желіде Қайрат Нұртастың анасына арнаған әнін талқылауда

Айдарбекова желі қолданушыларынан қолдау білдіріп, перзентінің өзіне арнаған әніне өз бағасын беріп өтуін сұрады. "Үміт артқан ұл-қыздарымыз барша ата-ананы бақытқа жеткізсін! Ұлымның өзіме арнаған әнін тыңдап көріңіздер. Қайрат Алла бақ берсін, жан балам, тұла бойым тұңғышым", - деп жазды продюсер. Оған қоса Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында отбасылық мұрағаттағы суреттерді де бөліскен. Онда Қайрат Нұртастың бала кезі көрініс тапты. Желі қолданушылары хитменнің жаңа туындысына оң бағасын беруде. Олардың сөзінше, ән әсерлі шыққан. "Анасын сыйлаған баланың болашағы жарқын. Гүлзира ханым, қандай бақыттысыз. Ән керемет шыққан". "Өте мағыналы өлең екен", "Ән көңілімнен шықты. Әркез сапалы дүние жасап шығарасыздар", "Ана - бала бақытымен бақытты, еңбегіңізбен бала бақытына қол жеткіздіңіз. Бәрі де еңбектің арқасы. Жарайсыз! Әрбір ана сіздей-ақ болсын", "Нағыз от өлең. Әрі сізге арналған. Әбден лайықтысыз", - деп жазуда көпшілік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024