Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жастардың тегін негізде жоғары білім алуына мүмкіндіктер кеңейтілуде

almaty-akshamy.kz

Жастардың тегін негізде жоғары білім алуына мүмкіндіктер кеңейтілуде

Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Жастарымыздың тегін негізде жоғары білім алуына мүмкіндіктер кеңейтіліп жатыр. 2025 жылға қарай мемлекеттік білім гранттарын 50 пайызға ұлғайту жоспарланған. Оның ішінде мектеп бітіретіндердің орташа көрсеткіші жалпы республикалық деңгейден төмен өңірлердің жастарына өзге өңірлердегі университеттерде білім алуы үшін биыл алғаш рет мақсатты 10 мың грант бөлінеді», - деді Е. Тоғжанов. Оның айтуынша, бұл аталған өңір жастарының білімін лайықты деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шешім. «2025 жылға дейін студенттер стипендиясы жыл сайын 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттар стипендиясы 15%-ға артады. Бұл жалпы 130 мыңға жуық студент, докторантты қамтиды», - деді Үкімет басшысының орынбасары. «Студент жастар үшін өзекті мәселелердің бірі жатақхана тапшылығы. Оны жүйелі шешу мақсатында соңғы 3 жылда 30 мың орын берілді. Биыл 10 мың орындық 31 жатақхана пайдалануға беріледі», - деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті. Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024