Сарапшылар COVID-19 маусымдық инфекцияға айналуы мүмкіндігін айтады

Роспотребнадзордың Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институтының директоры Василий Акимкин коронавирус инфекциясы маусымдық ауруға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. «Коронавирустың маусымдық разрядқа өтуі әбден мүмкін. Содан кейін біз жыл сайын тұмаудағы сияқты оған вакцина таңдап, салдырамыз», деді сарапшы «Жұқпалы аурулар – өзекті проблемалар, емдеу және алдын алу» VIII ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция барысында. Оның айтуынша, қазір отандық ұлттық мәліметтер базасы қалыптасқан. Онда коронавирустың 130 мыңнан астам геномы бар. Бүгінде «Омикрон» штамының 45-тен астам мутациясы кездеседі. «Әлемдік практикада тіркелген барлық генонұсқа Ресей аумағында болды. Алайда олардың тек екеуі – «Дельта» мен «Омикрон» ғана көп таралды», -деді Василий Акимкин.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 шілде 2025
2 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар