Енді қазақстандықтар 18 жастан бастап скринингтік зерттеулермен қамтылады

almaty-akshamy.kz

Енді қазақстандықтар 18 жастан бастап скринингтік зерттеулермен қамтылады

Бұл туралы Орталық комункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, бүгінде көлік медицинасы шалғай ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 149 жылжымалы медициналық кешен науқастарға барадыжәне халыққа скринингтік зерттеулер, бейінді мамандарды консультациялық қабылдау, зертханалық және функционалдық зерттеулер, оның ішінде МСАК-та динамикалық бақылаудағы созылмалы аурулары бар науқастарды, халықты вакцинациялауды жүргізеді.

«100 күн – 100 сұрақ» жобасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға жазылу мәселелерімен байланысты азаматтардан көптеген өтініштер алды. Халықты мамандардың қабылдауына жазу тәртібін жеңілдету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27 сәуірдегі бұйрығымен белгілі бір жағдайларда учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз амбулаториялық жағдайда мамандардың қабылдау тәртібі анықталды. Бұл шұғыл жағдайларда және жарақаттарда, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттарда; тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологқа шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету; онкологиялық және гематологиялық бейіндегі, динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша ауруларға күдікте жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бастапқы онкологиялық пациент маршруты бекітілді, онда онкологиялық ауруға күдік келтірілген пациенттер "жасыл дәліз" бойынша, яғни жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, 18 жұмыс күні ішінде амбулаториялық-емханалық деңгейде консультация алады және тексеріледі», – деді спикер.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ТМККК пакетінде аурулардың алдын алу және ерте анықтау мақсатында халықты профилактикалық қарап-тексеруді кеңейту мәселесі пысықталуда.

«Биыл пилоттық режимде ауыл деңгейінде қамтылатын болады. 2023-2025 жылдарға арналған қосымша қаржылай қолдау тапқан жағдайда тәжірибені елдің барлық аумағында тарату көзделген. Алғаш рет жастарды 18-ден бастап скринингтік зерттеулермен қамту жоспарланған», – деді Гүлнар Сәрсенбаева.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2022