Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім көлік ұрлап, полициядан қашпақ болған

paryz.kz

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім көлік ұрлап, полициядан қашпақ болған

Оқиға 19 мамыр күні кешке 30-шы шағын аудандағы саяжайда болған. Жасөспірім ата-анасының көлігіне мінуді шешіп, олардан сұрамай алып кеткен. Полицейлердің көзіне түскен ол жоғары жылдамдықпен жол ережесін бұзып, төтенше жағдай туғызып, қашып кетпек болған. Жас тәртіп бұзушы Hyundai Tucson көлігінде жол ережесін бұзған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін тоқтатып үлгерді. Полицияның мәліметінше рульдегі 15 жастағы жасөспірімде мастық күйі болмаған. “Мән-жайды анықтау барысында 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз көлік кілтін алып кеткені анықталды. Құқық бұзушы кәмелетке толмағандықтан ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы "Көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз адамның басқаруы" және 591-бабы "Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонын пайдалану" бойынша жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді полиция.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар