Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда инвестициялық жобалардың іске асырылуы тексерілетін болды

almaty-akshamy.kz

Қазақстанда инвестициялық жобалардың іске асырылуы тексерілетін болды

Қазақстан Үкіметі шетелдік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын саралап отыратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев апта сайын қазақстандық және шетелдік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын саралап, қадағалап отырады», - делінген аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында. Бүгін ведомство басшысы металлургия саласы бойынша жұмыс тобының, атап айтқанда, қара және түсті металлургиядағы инвестициялық жобаларды егжей-тегжейлі зерделеді. Жиын барысында іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Айта кетерлігі, жасақталған жұмыс тобы инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024