Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Атымды жамылған болса...": Назарбаев заң бұзған туыстары туралы айтты

paryz.kz

Атымды жамылған болса...: Назарбаев заң бұзған туыстары туралы айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында өз туыстарының заңға қайшы әрекеттеріне қатысты сауалға жауап берді. "Біз Қазақстанда көп жылдан бері құқықтық мемлекет құрып келеміз. Заң – баршаға ортақ. Бұл мемлекеттің негізін қалаушы принцип. Егер менің туысқандарым арасында кейбіреулер заң бұзу үшін менің атымды жамылған болса, олар тиісті жауапкершілікке тартылуы керек. Айыбы сот тәртібінен дәлелденуі тиіс. Әрбір азаматтың қорғауға заңды құқығы бар екенін ұмытпау керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол Рахат Әлиев туралы еске алып, оның тағдырынан мысал келтірді. "Рахат Әлиевтің оқиғасы бәрінің есінде деп ойлаймын. Ол менің қызымның күйеуі болды. Менің баламмен бірдей, немерелерімнің әкесі. Бірақ, бұл мемлекеттің оның заңға қайшы әрекеттеріне көз жұма қарауына себеп болған жоқ. Ол Қазақстанның заңнамасына сәйкес сотталды. Бірақ, ашып үлгеріп, өмірінің соңына дейін тығылып жүрді. Аянышты тағдыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар