Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстанда денсаулық сақтау министрі ұсталды

azattyq.org

Қырғызстанда денсаулық сақтау министрі ұсталды

Қырғызстан бас прокуратурасы президенттің денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі бұйрығын бұзып, бюджет қаржысын заңсыз шығарды деген айыппен бірнеше шенеуніктің ұсталғанын хабарлады.Бақылаушы органның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресей, Қытай және Әзербайжан елдерінен 452 мың дана коронавирусқа қарсы екпені тегін алған. Кейін Қытай мен Ресей тағы да көмек ретінде 6 млн дана екпені тегін берген.Бірақ соған қарамастан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев "460 мың дана вакцина сатып алу үшін, бюджеттен 1 млрд 581 млн 474 мың сом (20 млн доллар шамасында) бөлдірген. Бұл қаржы офшорлық зона арқылы шетелге шығарылған".Мамыр айында денсаулық сақтау министрі Ыстықкөлде сапарда жүрген кезінде арнайы қызмет тарапынан тергелгенін хабарлаған. Осы айда Ыстықкөл облысының денсаулық сақтау саласының шенеунігі пара алды деген күдікпен ұсталған.Алымкадыр Бейшеналиев 2020 жылдың қазан айындағы оқиғадан кейін денсаулық сақтау министрі қызметіне келген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар