Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Біз әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырамыз – Ресейдегі Қазақстан елшісі

altyn-orda.kz

Біз әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырамыз – Ресейдегі Қазақстан елшісі

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украина мен Ресейді әскери іс-қиымлды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Көшербаев әскери жанжал салдарынан екі тараптан да адамдар мерт болғанын айтып өтті. Егер әрі қарай жалғасса, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы алып келетінін атап өтті. “Біздің мемлекет халықаралық мәлелелерді БҰҰ халықаралық құқықтары мен қағидалары негізінде бейбіт жолмен шешуді қолдайды. Осы себепті біз келіссөздердің басталуы үшін жасалған кез келген қадамды қолдаймыз. Мемлекеттерді ерікті түрде әскери іс-қимылды тоқтатуға, ал әлемді және халықаралық ұйымдарды жағдайды дипломатиялық жолмен шешуде атсалысуға шақырамын”, – деді елші. Ермек Көшербаев жағдайды бейбіт келіссөз бағытына бұру үшін Қазақстанның көмек көрсетуге және қажет болса, келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін айтып өтті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар