Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Дариғаның күйеуі — Шәріпбаевтың қатысы бар". Қашаған газ зауытының құрылысы мемлекетке өтеді

azattyq.org

Дариғаның күйеуі — Шәріпбаевтың қатысы бар. Қашаған газ зауытының құрылысы мемлекетке өтеді

Қашағанда газ өңдейтін зауыт салып жатқан GPC Investment компаниясы мемлекет меншігіне алынады. Бұл жөнінде Қазақстан үкіметінің қаулысы шыққан."GPC Investment" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" ЖШС ұсынысы қабылдансын", — делінген қаулы мәтінінде."GPC Investment" компаниясы – "Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу" жобасының операторы.Зауыт құрылысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс болған. Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты "GPC Investment" компаниясы "QazaqGaz" ұлттық компаниясының балансына беріледі."Бұл - ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауармен және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді,- дейді үкімет қаулысында.14 маусымда энергетика министрлігі GPC Investement компаниясын мемлекет меншігіне алу жоспары туралы үкімет қаулысының жобасын таныстырған. Газ өңдеу зауыты мұнан былай мелекет есебінен салынады.КазТАГ мәліметіне қарағанда, Қашаған кенішіндегі газ өңдеу зауытының құрылысында "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясының басшысы болып тұрғанда Қайрат Шәріпбаев мүддесі бары байқалған. Шәріпбаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Дариға Назарбаеваның күйеуі деген бейресми ақпараттар жиі кездеседі.Petrocouncil салалық басылымының мәліметіне қарағанда, Шәріпбаев "газ өңдеу зауытының құрылысы үшін Қазақстан даму банкінен кредит алуға және ілеспе газ жеткізу жөнінде NCOC келісімін алуға қол жеткізген".Басылым жазуынша, Назарбаевтың күйеу баласы QazaqGaz басшылығынан кеткен соң газ өңдеу зауытының әрі қарайғы тағдыры белгісіз болып қалған.Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен туған-туыстары және серіктері жоғары қызметтерден тайдырылған. Назарбаевтың күйеу балалары: Қайрат Шәріпбаев — QazaqGaz (бұрынғы "ҚазТрансГаз"), Димаш Досанов — "ҚазТрансОйл" басшылығынан кеткен.Маусым айының соңында QazaqGaz жаңа басшылығы компанияның 937 миллиард теңгесі (2,2 миллиард доллар) талан-таражға салынғанын мәлімдеген.Бұл компанияны Қайрат Шәріпбаев 2014 жылдың ортасынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарған.Қайрат Шәріпбаев басқарып тұрған кезде QazaqGaz компаниясына президент Қасым-Жомарт Тоқаев "сығымдалған газ бағасын қымбаттатып, қоғамдағы қарсылық көңіл күйді ушықтырды" деген кінә артқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024