Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрбандыққа қандай мал шалыну керек?

almaty-akshamy.kz

Құрбандыққа қандай мал шалыну керек?

Құрбан айт – мұсылмандардың жыл сайын атап өтетін қасиетті діни мерекесі. Үш күнге созылады. Хижра – мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен соң басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. Құрбан айт кезінде мұсылмандардың шамасы келгені қажыға барады. Айттың үш күнінде жасалатын ғибадат кезінде олар Сауд-Арабия еліндегі Мекке, Медине қалаларын аралап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің жүрген жерлерін көреді және ізгі істерімен танысады. Құрбандық шалады. Құрбандыққа қандай мал шалынады? Құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкіні союға болады. Құсты союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналатындықтан, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жасқа толғаны сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт. Құрбанды не үшін шалады? Құрбандық – мұсылман танымы бойынша Құдайдың разылығы үшін берілетін садақа, діни амал. Мұсылман ғалымдары құрбан шалуды уәжіп етілген амал санайды. Яғни, жағдайы бар адамдар шалса болады. Ол үшін ең алдымен ниеттенеді. Сосын жарамды саналған малды құрбандыққа шалады. Бұл – Ибраһим пайғамбардан келе жатқан рәсім. Меккенің жанында Ибраhим өзінің ұлын құрбандыққа шалмақ болады. Бірақ Құран Кәрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Алла Ибраhимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандыққа шалуға көктен тоқты түсіреді. Содан бері Алла жолына құрбандыққа қой шалу дәстүрі жалғасып келеді. Құранда баяндалатын бұл оқиғалар (14-сүре, 41-аят; 37-сүре, 41-аят) Тауратта да кездеседі (Быт: 1-12, 22:2-12). Құрбан шалудың мәні Пітір – жан садақасы. Зекет – мал садақасы. Құрбандық – әр пенденің бүкіл адамзат әлемі алдында өтейтін парызын көрсететін, діни наным бойынша Құдай алдында өз миссиясын ақтауға дайын екендігін білдіретін садақа. Құрбандықтың етін кімге берген дұрыс? Жан саны көп немесе қиыншылығы бар отбасылар құрбандық етін толықтай өздеріне қалдырады. Ал сиыр не түйе сойғандар мұқтаж жандарға таратып береді. Онда тек үш бөлекке бөліп тарату деген шек жоқ. Ең маңыздысы, мұқтаждардың не ниеті түзу адамдардың пайдасына жарап, қарнын тойдырса жетіп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024