Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда құрылыс базары өртенді

almaty-akshamy.kz

Алматыда құрылыс базары өртенді

Бүгін түнгі сағат үште Алатау ауданындағы «Бақорда» базарының аумағында орналасқан құрылыс сататын сауда нүктесі өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі 03:10 шамасында өрт сөндіру бригадасы «Бақорда» базары аумағында орналасқан құрылыс заттарын сататын сауда орнына жоғары ранг бойынша шықты. «Оқиға орнына 8 минутта келген өрт сөндірушілер шатыр астына қатарлап кесілген ағаш материалдарының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын «Бақорда» сауда орталығына таралу қаупі туындады. Дереу өрт орнында жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары өрт оқпандары енгізілді, өрт автопоезі іске қосылып, сондай - ақ үйінділерді алып тастау үшін құтқару қызметінің ауыр-шынжыр табанды техникасы тартылды»,- деп хабапрлады департаменттен. Қабылданған жедел шаралармен қызыл жалын бір сағат ішінде оқшауланып, жалпы ауданы 2 мың шаршы метрді шарпыған өрт таңғы 06:35-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 21 бірлік техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024