Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Болат Назарбаевтың дені сап-сау, ол жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатыр – Ибраш Нүсіпбаев

kznews.kz

Болат Назарбаевтың дені сап-сау, ол жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатыр – Ибраш Нүсіпбаев

Ол «Болат Назарбаев ұзақ уақыттан бері төсек тартып, ауырып жатты дегенге сену қиын» деген пікірде.⠀Осыдан біршама уақыт бұрын «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының жетекшілері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ұзақ уақыт Германияда ем қабылдап, қиын кезеңді бастан кешіп жатқанын хабарлаған.⠀Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсанында Болат Назарбаев шетелде ем алып, кейін дәрігерлердің бақылауымен елге жеткізілген. Содан бері Бөкең жүріп-тұрудан қалып, төсек тартып жатса керек.⠀«Салиқалы ұрпақ» қорының өкілдері Болат Назарбаев өлім мен өмірдің арасында жатқанда өзінің бизнес құрылымдарын бақыламағанын, дүние-мүлкіне айналасындағылар бас-көз болғанын мәлімдеді. Тіпті, қаңтар оқиғасы орын алмай тұрып Болат Назарбаевтың денсаулығы күрт нашарлап, жанымен қайғы болып кеткен.⠀Бұл ретте Қырғызстанның шекара қызметінің 2022 жылдың 6 қаңтарында таңғы сағат 05:30 шамасында Бөкеңнің «Ақ жол» бақылау-өткізу пунктінен өз аяғымен өтіп, 7 қаңтарда Бішкек әуежайы арқылы Дубайға ұшып кеткені жайындағы мәліметті алға тартады.⠀Болат Назарбаевтың дәл сол күні Дубайды бетке алғанын Flightradar24 сервисі де растайды.⠀Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың қоры өзінің қожайыны жайында шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратып, Болат Назарбаевты қаңтар оқиғасына қатысы жоқ, судан таза, сүттен ақ адам ретінде көрсетуге күш салып жатқанын алға тартыпты.⠀Мұндай жағдайда дімкәс адамның дүние-мүлкін тәркілеу де адамгершілікке жатпайтыны анық.⠀Осы жайттарды ескеріп, Болат Назарбаев қатты науқас адамның кейпіне еніп, мемлекетке опасыздық жасаушылардың сапынан сытылып шығуды көздеп отыруы мүмкін деп топшылапты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар