Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қамаудағы Навальныйды киімінің түймесін ағытқаны үшін айып бөлмесіне оқшаулаған

azattyq.org

Қамаудағы Навальныйды киімінің түймесін ағытқаны үшін айып бөлмесіне оқшаулаған

Ресейдің түрмеде жатқан оппозионері Алексей Навальныйды айып бөлмесіне оқшаулап тастаған. Бұл жөнінде Владимирск колониясындағы саясаткердің өзі әлеуметтік желіге жазған.Навальныйдың негізгі айыбы – "киім формасын сақтамағаны". Саясаткердің сөзінше, оны кеудесіндегі бір түймені ағытып жүргені үшін жазалаған.Навальный айып бөлмесіне үш тәулік жатуға тиіс. Бірақ саясаткер жаза мерзімі ұзаруы мүмкін деп есептейді."Туыстарыммен төрт айда бір кездесетін уақыт қыркүйектің ортасына тура келеді. Колония бастығының міндетін атқарушы "түзелмесем" қиын болатынын қуана ескертті. Соған қарағанда кездестірмеуге тырысатын сияқты. Айып бөлмесіндегілерге туыстарымен кездесуге рұқсат жоқ", – деп жазады Навальный.Саясаткердің ойынша, оны айып бөлмесіне оқшаулауға түрмедегі тұтқындардың құқығын қорғайтын "Промзона" кәсіподағын құрғаны себеп болған. Жаңа кәсіподақтың бұл күнде бір ғана мүшесі бар, ол – Навальныйдың өзі.Қастандықтан кейін ұзақ емделген Алексей Навальный 2021 жылдың қаңтарында Ресейге оралысымен қамауға алынған. Бастапқыда бұрынғы қылмыстық іс бойынша жалпы режимдегі колонияға жіберілген. Кейін "алаяқтық жасады" деген айып тағып, 9 жылға соттап, қатаң режимдегі колонияға ауыстырған. Навальный мұның саяси астары бар деп санайды, құқық қорғаушылар да бұл пікірмен келіседі.Навальныйды қамаған соң оның жақтастарын да Ресей жаппай қудалап, жүздеген қылмыстық іс қозғаған. Навальный құрған ұйымдардың барлығын Ресей билігі "экстремистік ұйымдар" санатына қосқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024