Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

17 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

inform.kz

17 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. 10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Орталық Азия волонтерлер форумын өткізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет; республикалық волонтерлер фронт-офис жобасының жетекшісі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк; Қазақстандағы БҰҰ волонтерлер бағдарламасының үйлестірушісі - Никита Шабаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елорданы газдандыру барысы жөнінде» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Нұр-Сұлтан қ. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов; «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АстӨФ директоры Шота Шалов. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ тікелей эфирде өтеді. 15.00-де жылыту кезеңінің басталуы қарсаңында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қаланың төрт ауданындағы жеке тұрғын үйлерді аралау бойынша ауқымды рейд өтеді. 19.00-де Барыс-Аренда «Нефтехимик» -«Металлург» хоккей командалары ойын өткізеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024