Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраудан Ресейге қатынайтын жол құрылысы баяу жүріп жатыр

inform.kz

Атыраудан Ресейге қатынайтын жол құрылысы баяу жүріп жатыр

Облыс әкімі Атырау қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол құрылысын көлікпен жүріп өтіп тексерді. Жаңғыртылып жатқан жол құрылысының 4 учаскесіне жауапты мердігер компаниялар өкілдерімен кездесті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындар үшін аса қажетті көлік жолының мәселесіне ерекше назар аударып, нақты тапсырма берді. Мен облыс тұрғындарына осы жолдағы жұмыстардың барысын бақылауыма алатынымды айтып, уәде бердім. Кесте бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда кідіріс бар. Бұл туралы апта сайын мамандардың есебінен көретін едім. Енді осыған осы сапар барысында көзім жетті. Мұндай жұмыс қарқыны кестеде белгіленген межеден кешіктіреді. Сол себептен, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, тиісті шаралар қабылдау қажет», - деді Серік Шәпкенов. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаевтың мәліметінше, 217 шақырым жолдың 54 шақырымына негізгі төсем салынса, 45 шақырымына қара қиыршық тас төселген. «Жолдың 22 шақырымына бір қабат асфальт-бетон төселді. Оның ішінде 20 шақырым жол пайдалануға берілді. Құрманғазы ауылынан Атырауға қарай 833 шақырымнан бастап 12,5 шақырым, Исатай ауданындағы Жанбай мен Аққыстау ауылдары арасындағы 7,5 шақырым жол ашық. Енді таяуда Жанбай мен Аққыстаудын аралығындағы жолды 10 шақырымға жеткізіп, пайдалануға береміз. Осы айдың соңына дейін Жанбай мен Аққыстаудың арасындағы 20 шақырым жол толығымен ашылады. Сонда тамыз айының соңына дейін төменгі қабаты төселіп, барлығы 35 шақырым жолды ашу жоспарланған», -дейді Болатбек Айтбаев. Оның айтуынша, жол төсеу жұмыстарына қажетті материалдардың жетіспеушілігі бар. «Мердігер мекемелер жеткізушілерге ақшасын төлегенімен, қажетті инертті материал жеткіліксіз екені анықталды. Мәселен, битумды жеткізу мәселесі қиындық тудырып тұр. Жалпы учаскелер бойынша техникалар және жұмыс күші жеткілікт»і, -деді Болатбек Айтбаев. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов салаға жетекшілік ететін орынбасары Қайрат Нұртаевқа жол құрылысы жүргізудегі қиындықтарды салалық министрліктермен бірлесе шешуді тапсырды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан Ресейге қатынайтын жолдың 9 шақырымы пайдалануға берілгенін жазған едік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024