Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Күйеу жігіт жездесімен көңілдес болған қалыңдығынан той үстінде кек алды

paryz.kz

Күйеу жігіт жездесімен көңілдес болған қалыңдығынан той үстінде кек алды

Жігіт қалыңдығының өзінің көзіне шөп салып жүргенін білсе де, қалыңдығынан кек алу үшін тойға дейін үндемеген. Кейін салтанатты рәсім кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт балалық шақтарындағы естелік видеоларды тамашалаймыз деп барлық қонақтарымен, туыстарымен бейнежазбаны қосқан. Екеуі сахнаға шығып үлкен экранға назар аударады. “Мені білмей қалады деп ойладың ба”, – деп жігіт қалыңдыққа айғайлап, ол жердегі ұятты көріністен соң, қалыңдықтың кеудесінен итеріп жіберген. Ал ұятқа қалған қалыңдық жігітке қолындағы гүлін лақтырады. Қалыңдық жігітінің сыртынан өзінің қайын әпкесінің күйеуімен көңіл жарастырған. Жігіт көрсеткен видеода олар бір бөлмеде жыныстық қатынасқа түскен. Бұл оқиғаның видеосы ТикТок желісінде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Кейбірі күйеу жігіттің бұл әрекетін құптамай, қандай жағдайда да қыздың абыройын туыстарының алдында төккенін дұрыс емес деп тапса, кейбірі керісінше жақсы сабақ бергенін жазып пікір қалдырған. “Бір жеңілдеп қалған шығар. Тойға дейін осы сәтті қалай шыдап күтті екен”, “Ол әдейі өз тойында қалыңдығының шынайы бет-бейнесін туыстары мен достарының алдында ашып берді”, – деген пікірлер де болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024