Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алатау ауданында көпбалалы аналар әкіммен кездесті

almaty-akshamy.kz

Алатау ауданында көпбалалы аналар әкіммен кездесті

Алатау ауданында жалғызбасты және көпбалалы аналар әкіммен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. Атқарушы билік өкілдеріне мұң-мұқтажын айтқан ақ жаулықтылар негізінен АӘК алуды айтты. Аналарды алаңдатқан тағы бір мәселе – жаңа оқу жылында балаларын құрал-жабдықпен қамтамасыз ету. Көптің көкейіндегіні тыңдаған әкім қабылдауға келген азаматшалардың мәселесі тиісінше қаралып, талап-тілектің ескерілетінін айтты. «Қыркүйек айындағы алғашқы қоңырауға дайын балалардың жағдайын білу мақсатында жиналдық. Енді әкімшілік тарапынан мектепке қоржындар дайындалып жатыр. Сөмкелердің ішінде керекті барлық құрал-жабдық бар екен. Азамат Бескемпірұлы бізді қолдап жатқанына алғыс білдіреміз», – деді көпбалалы ана Гүлзат Асанхан «Қала бойынша 30 мың ана болса, соның 35 пайызы, 8077 тұрғын Алатау ауданында тұрады. Бүгін кездесу өтті. 40 шақты көпбалалы ана, яғни ұйымдардың жетекшілері келіп отыр. Осы тұрғыда біздер демеушілермен Алатау әкімдігі тығыз байланысып отырып, көмек қол-ұшын созып отырмыз», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024