Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда интернет алаяқтықтың қандай түрі кең тараған

inform.kz

Қазақстанда интернет алаяқтықтың қандай түрі кең тараған

«Бүгінде елімізде онлайн сауда платформалары арқылы алаяқтық әрекеттер жиі жасалады. Яғни, тауардың ақысын алдын ала төлеуін сұрайды. Сөйтіп, ақша түскен соң байланыс нөмірін өшіріп немесе бұғаттап тастайды. Биыл 7 айдың ішінде онлайн сауда платформалардың қызметіне қатысты 4 мыңдай қылмыс тіркеліп отыр. Интернет алаяқтықтың келесі кең тараған түрі полиция қызметкерлерінің атын жамылып тұрғындарға хабарласу. Сол арқылы азаматтарға қатысты жеке мәліметтерді білуге тырысады», - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбат барысында. Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, елімізде интернет арқылы жалған хабарлама беріп халықты алдау да бар. Аталған алаяқтық әрекет әсіресе Olx.kz-те жиі байқалады. «Интернет арқылы белгілі бір заттың сатылатынын айтып, суретін жариялайды. Содан соң сатып алушыдан төлемді алдын ала жасауын сұрап, тауарды жеткізіп беретіндігіне сендіреді. Алаяқ төлем түскен соң интернеттегі хабарламаны өшіріп тастайды. Аталған факті бойынша биыл 7 айда 2 мыңдай қылмыс тіркелді», - дейді ол. Бұған дейін елімізде биыл 7 айдың ішінде 11 мыңдай интернет қылмыстың жасалғаны туралы хабарлаған едік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024