Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл 11 мыңға жуық интернет-қылмыс тіркелді – ҚР ІІМ

inform.kz

Биыл 11 мыңға жуық интернет-қылмыс тіркелді – ҚР ІІМ

«Интернет-алаяқтық проблемасымен біз ғана емес, әлем болып күресуде. Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге қылмыскерлер де алаяқтық әрекеттерін қоса жетілдіріп жатыр. Ішкі істер министрлігінде интернет-қылмысқа қарсы күрес жұмысын жүргізетін арнайы бөлім бар. Сонымен қатар интернет-қылмыс және алаяқтықпен күрес бөлімі еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. Биыл 7 айдың ішінде 11 мыңға жуық қылмыс тіркелді», - деді Жандос Сүйінбай «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбат барысында. Оның айтуынша, елімізде жыл санап интернет арқылы жасалатын қылмыстың көлемі өсіп келеді. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел бойынша 13 мың интернет қылмысы тіркелді. Халықты интернет қылмысы мен алаяқтық әрекеттерден қорғау және ескерту мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты өтіп тұрады. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, бұл қылмыстар тіркеліп жатыр», - дейді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін кибершабуылдан қорғануға қатысты ҚазАқпараттың сарапшысы көлемді материал әзірлеген еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024