Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Хоккейден Президент кубогында «Барыс» алғашқы ойында жеңіліп қалды

inform.kz

Хоккейден Президент кубогында «Барыс» алғашқы ойында жеңіліп қалды

Турнирде елордалық «Барыс» бірінші ойынын Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді. Ойын барысында қазақстандық клубтан Никита Михайлис - 13, Джереми Бракко - 32, Энтони Луис 52-минуттарда гол соқты. Оған қарсылас команда үш голмен жауап берді. Осылайша негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соғып кетті. Аталған турнирдегі тағы бір кездесуде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубы «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасынан 4:1 есебімен басым түсті. Енді «Барыс» екінші ойынын 17 тамызда «Нефтехимик» командасына қарсы өткізеді. Еске салсақ, турнирге қатысуға ниет білдірген Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы жарысқа келе алмайтынын мәлімдеген еді. Фото: hcbarys.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024