Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада карантин шаралары жеңілдеді

inform.kz

Елордада карантин шаралары жеңілдеді

Аталған қаулы ел астанасы эпидемияологиялық ахуалды бағалау матрицасының «сары» аймағына өтуіне байланысты қабылданған болатын. Құжат бойынша, қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындар мен жабық ғимараттардамаска киіп жүру, 10-нан артық адам жиналатын шараларды онлайн режимде өткізу, вакцинаға қарсы медициналық көрсетілім бар адамдарды қашықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылған. «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 8 қаулысы күші жойылды деп танылсын», -деп жазылған құжат мәтінінде. Дегенмен, мамандар маска режимін әлі де сақтауды ұсынып отыр. «Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, қалалық кәсіпкерлер палатасына, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылсын», -деп жазылған қаулы мәтінінде. Бұл ұсыныстың 5 жасқа дейінгі балаларға ғана қатысы жоқ екені де айтылған. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Оның мәтінін мына жерден көруге болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024