Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында кәсіпкерлерге заңсыз хабарлама жіберілген

inform.kz

Ақмола облысында кәсіпкерлерге заңсыз хабарлама жіберілген

«Жарқайың ауданының прокуратурасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынған хабарламаларды талдау барысында аудан кәсіпкерлеріне 24 заңсыз хабарлама ұсыну дерегін анықтады. Бұл кәсіпкерлердің барлығы кәсіпкерлік қызметін 2022 жылы бастады, ал салық органы 2021 жылғы кезеңге салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама шығарды», - деді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен. Ведомстводан атап өткендей, хабарламалар орындалмаған жағдайда Салық кодексінде оны орындатудың мәжбүрлеу шаралары көзделген, яғни кәсіпкерлерге қатысты шектеу сипатындағы шаралар қолданылады. Кәсіпкерлердің атына хабарламаларды заңсыз ұсыну олардың қызметіне уәкілетті органның негізсіз араласуына әкеп соқты. «Осыған байланысты, прокуратура ауданның салық органының атына қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша заңсыз шығарылған хабарламалардың күші жойылды», - деп толықтырды ведомстводан. Айта кетсек, Ақмола облысында өсімдіктер карантині жөніндегі инспектор жалған сертификаттар берген болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024