Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талдықорғанда ғимаратқа мина қойылды деп жалған хабар берген ер адам ұсталды

inform.kz

Талдықорғанда ғимаратқа мина қойылды деп жалған хабар берген ер адам ұсталды

«Бүгін сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті әкімшілік ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабардан соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтер мен басқа да мамандар жіберілді. Олар ғимаратты толық тексерді», - делінген хабарламада. Тексеру барысында хабар расталмады. Яғни ғимараттан мина табылған жоқ. «Мина туралы қоңырау шалған азамат анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Азамат ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді», - дейді ведомстводан. Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған факті бойынша тергеудің басталғаны айтылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024