Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы полициясының басшысы көшелерді жарықтандыру мәселесін талқылады

almaty-akshamy.kz

Алматы полициясының басшысы көшелерді жарықтандыру мәселесін талқылады

Бұл жолы ол қаланың Жетісу ауданында өтті. Мұнда жергілікті халықтың құқықтық тәртіп ісіне белсене араласатындығы атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. « Алматы қаласының полициясы халыққа әрқашан ашық және оларға көмек көрсетуге дайын екенін білесіздер. Қоғамдық тәртіпті сақтау бізбен ынталандырылады. Мәселен, қазіргі таңда Жетісу ауданының 50-ден астам тұрғыны полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетіп, рейдтік іс-шараларға және із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге белсене қатысуда. Біздің өзара іс-қимылымыз қаладағы қылмыстың алдын алуға оң әсерін тигізетініне шын жүректен сенемін. Сіздің әрбір хабарламаңызға, әріптестерім мүмкіндігінше тезірек шаралар қабылдайтынына уәде беремін», – деді Заппаров. Спикердің айтуынша, азаматтардың қауіпсіздігі қала көшелерінің қаншалықты жарықтандырылғанына және бейнебақылаудың қаншалықты жақсы орнатылғанына тікелей байланысты. «Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, көшелердің жарықтанбаған бөліктері бар. Сондай-ақ, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс алаңдары да бар. Қылмыстардың қай жерде жасалатынын түсіну үшін терең талдау қажет емес. Қылмыс қараңғы жерде, бейнекамералар жоқ жерде жасалады. Мұндай жерлерде, әдетте, күдікті адамдар жиналады. Көбінесе есірткіні қолдану үшін. Тағы бір жайт, ақпараттық технологияның дамуы аясында есірткі және психотроптық заттарды сатып алудың қолжетімді болуы. Сондықтан күн сайын жастарымызды құртып жатқан бұл дертпен күресуге барынша көп адам күш салғаны абзал», – деді Арыстанғани Заппаров.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024