Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанадағы жәрмеңкеде балалар тауарлары 30% төмен бағамен сатылуда

inform.kz

Астанадағы жәрмеңкеде балалар тауарлары 30% төмен бағамен сатылуда

Бүгін көрме-жәрмеңкені ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов та аралап көрді. Қазір Үкімет тапсырмасымен барлық өңірде төмендетілген бағамен мектеп жәрмеңкелері, сондай-ақ мектеп автодүкендерінің шалғай ауылдарға шығуы ұйымдастырылған. Олардың алғашқысы астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында өтуде. «Kids EXPO. Балалар әлемі « – бұл кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру және ойын-сауық индустриясы өкілдерін, балалар мен олардың ата-аналарына арналған тауарлар мен қызметтерді бір алаңда біріктіруге мүмкіндік берген алғашқы ірі жоба. Мұнда 5 күн ішінде отандық тауар өндірушілер, компаниялар мен ірі брендтер арасынан 100-ге жуық қатысушы өз тауарларын сатады. Вице-премьер мұндай көрме-жәрмеңкелер ата-аналарға балаларын алдағы оқу жылына дайындау үшін өте ыңғайлы екенін, ұсынылған ассортимент қолжетімді бағамен сатылып жатқанын атап өтті. 30-ға жуық компания өз өнімдерін 30% дейін төмен бағамен ұсынуда. Жәрмеңкеде мектеп керек-жарақтары мен балалар тауарларын сатып алып қана қоймай, уақытты қызықты өткізуге болады – бұл үшін балаларға арналған арнайы аймақтар мен ойын-сауық ұйымдастырылған. Мұнда 18 ақпараттық, 22 мәдени және 22 спорттық іс-шара, сондай-ақ 20 ART шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған. Іс-шаралардың жалпы саны 80-нен астам. Балалар тауарларының « KIDS EXPO.Балалар әлемі» жәрмеңкесінің екі күнінде келушілер саны 20 мыңнан астам адамды құрады. Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Көрмемен танысу барысында Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға барлық өңірлерде осындай форматтағы жәрмеңкелер ұйымдастыруды тапсырды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024