Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

​​Үкімет отын бойынша ахуалды тұрақтандыру шараларын қабылдап жатыр – Әлихан Смайылов

inform.kz

​​Үкімет отын бойынша ахуалды тұрақтандыру шараларын қабылдап жатыр – Әлихан Смайылов

Кәсіпорын директоры Қуаныш Бишімов 8-27 шілде аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, зауыттың 7 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын, бензинді және басқа да өнім түрлерін шығару бойынша көрсеткіштерді асыра орындағанын хабарлады. Үкімет басшысы мұның күзгі дала жұмыстары қарсаңында маңызды екенін атап өтті. Премьер-Министр қазіргі уақытта Үкіметтің ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты. Себебі, Үкімет басшысының айтуынша, дизель отыны мен бензин көрші елдерге шығарылған жағдайлар бар. Сондай-ақ ПМХЗ басшылығы кәсіпорынға келіп түсетін мұнайдың сапасы және жабдықты сатып алу кезінде еркіндікті барынша қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Үкімет басшысы тиісті шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді пысықтауды тапсырды. Фото: primeminister.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар