Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде жыл басынан бері 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

inform.kz

Ақтөбеде жыл басынан бері 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметінде 7 айдың қорытындысын жасады. Басқарма басшысы Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, осы уақыт аралығында 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның 7 мыңнан астамы тұрақты. «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 728 адам жіберіліп, оқуды аяқтаған 117 адам жұмысқа орналасты. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы мыңға жуық адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Қазіргі кезде бизнес идеяларды іске асыру үшін 15 адам 18 млн теңгеден астам қаржы алды. Жыл соңына дейін тағы 400 адам қайтарымсыз грант иеленеді», - деді Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев. Ақтөбе облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Қазіргі кезде жұмыссыздар саны 21,2 мың адамды құрап отыр. Оның 7 мыңнан астамы ауылда тұрады. «Қазіргі уақытта www.enbek.kz республикалық сайтының «Жұмыс» порталында 6 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. Сонымен бірге өңірде жүйелі түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі. Биыл жәрмеңкеге 1302 адам қатысып, 839 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Өңірлік жұмыспен қамту картасы жасалды. Осы карта аясында биыл 9 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланды. Қазіргі уақытта жоба шеңберінде 2 047 жұмыссыз азамат еңбекке араласты», - деді Асланбек Шүйіншалиев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024