Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға түсті

inform.kz

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Мөңке би ауылында болған оқиға қатысты тергеу басталғанын айтты. Алайда, оқиғаның мән-жайын нақтыламады. «Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қылмыстық іс бойынша күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарақат алған адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқ оның қолына тиген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024